«Орағың өткір болса, қарың талмайды,
Отаның берік болса, жауың алмайды»
дегендей болашақ Отан қорғаушылармыз сенімімізді ақтады.
Сергеевка орта мектебінде 16 ақпанда Ауғаныстан ардагері Мельников Василий Леонидович пен кездесу өтті . Оған 9 -10 сыныптар оқушылары қатысып, ардагермен дөңгелек үстелде сұрақтар қойылып, әңгіме тартымды қызықты болды. Ардагер де өзінің басынан өткен оқиғаларды айтып оқушыларды Отанын қорғауға, елін сүйуге ,адал еңбек етуге, ұйымшыл болуға ақыл кеңес берді. Сонымен қатар 4-7 сыныптардың дайындаған концерттік бағдарламасымен , алғашқы әскери дайындықтың мұғалімі Райымбеков М.Т-дың дайындаған сайысы , екі бригадаға бөліп әр бригада да 4 оқушыдан, 8- кезеңмен өтілді. Болашақ Отан қорғаушылары өз дайындықтарын көрсете білді .Сайыс тартымды және қызықты өтті. Әділқазылар әр сайысқа жеке –жеке тоқталып әр оқушының іс қимылдарын , шеберліктерін , төзімділіктерін ескере отырып орын иелендірді.