Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығы.
|
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 88-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама);
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Тұжырымдаманың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
|
Қ.Тоқаев
|
|
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 802 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы
МАЗМҰНЫ
Нұр-Сұлтан қ., 2022 жыл
1-бөлім.
|
Тұжырымдаманың паспорты
|
2-бөлім.
|
Ағымдағы ахуалды талдау
|
3-бөлім.
|
Халықаралық тәжірибені шолу
|
4-бөлім.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту пайымы
|
5-бөлім.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
|
6-бөлім.
|
Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
|
7-бөлім..
|
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (қосымша)
|
1-бөлім. Тұжырымдаманың паспорты
Атауы
|
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы
|
Әзірлеу үшін негіз
|
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы (Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 88-тармағы)
|
Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
|
Іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар
|
мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері
|
Іске асыру мерзімдері
|
2022-2026 жылдар
|
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау
2.1. Қол жеткізілген нәтижелер
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қоғамның сұраныстарына қарай, ұлттық практика мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, ұдайы жетілдіріліп отырады.
Бұл бағытта жүйелі және кешенді тәсіл Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия) іске асыру арқылы қамтамасыз етілді.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның қабылдануына орай алдын алу және қылмыстық-құқықтық құралдардың ақылға қонымды теңгерімі бар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі құрылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және оның кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру арқылы азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлықпен күреске белсенді түрде тартылуда.
Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тәуелсіз уәкілетті орган –Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құрылды.
Агенттік мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты жүргізушісі бола отырып, өз қызметінде тиімді алдын алу, ауқымды ағарту, қоғаммен сындарлы әріптестік және қылмыстық-құқықтық шаралар элементтерін ұштастырады.
Жобалық басқару шеңберінде әрбір мемлекеттік орган үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша үлгілік базалық бағытты енгізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіруші әлеуетін күшейтті.
Мемлекеттік қызметтегі алдын алу шаралары
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" жаңа Заңмен мемлекеттік қызметтің "мансаптық" моделіне көшу қамтамасыз етілді, ашық конкурстық іріктеу, құзыреттілік негізінде ілгерілету тетіктері арқылы меритократия қағидаттары енгізілді. Командалық ауысулар үшін жасалатын жағдайлар азайтылып, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау жүйесі түбегейлі қайта қаралды, жұмыс нәтижелеріне байланысты еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесін сынап көру жүргізілді.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қолданылуда, жергілікті және орталық мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі уәкілдер институты құрылды. Әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары мен судьялар үшін шетелдік банктерде шоттарды иеленуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеу енгізілді.
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген, оларға теңестірілген адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сыйлықтарды алуға және сыйға тартуға толық тыйым салу көзделген.
Аталған адамдардың жақын туыстарымен, жұбайларымен және жекжаттарымен бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу туралы нормалар күшейтілді. Мемлекеттік лауазымға кандидаттар мемлекеттік ұйымда жұмыс істейтін туыстары туралы хабардар етуге міндетті.
Қаржылық бақылау шаралары жетілдірілді. 2021 жылы мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде өздерінің барлық активтерін тіркеп, "кіріс" декларацияларын ұсынды. 2022 жылдан бастап кірістер мен шығыстарды салыстыру жүзеге асырылатын болады.
Әкімдердің қызметін бағалау "сыбайлас жемқорлық деңгейі" нысаналы индикаторымен толықтырылды және сыбайлас жемқорлық индексін өңірлік өлшеу әдістемесі бекітілді.
Соттар мен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын барынша азайту
Судьяларды іріктеу және бағалау жүйесі жақсартылды. Облыстық және оларға теңестірілген соттарда судьяның әдебі жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді, Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің ішкі қауіпсіздік және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі құрылды.
"Татуластырушы судья" лауазымы енгізілді, бұл соттарға жүктемені үш есе азайтты: істердің жартысына жуығы татуласумен аяқталуда, тараптар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтып, дауды өздері шешуде.
Сот процестері онлайн-режимге ауыстырылды. Істерді автоматты бөлу алгоритмінде айла-шарғы жасау мүмкіндігі жойылды.
Заң үстемдігі қағидатын сөзсіз қолдану мақсатында, халықаралық бизнестің азаматтық және коммерциялық дауларын жедел шешу үшін ерекше құқықтық режим шеңберінде жұмыс істейтін "Астана" халықаралық қаржы орталығының Тәуелсіз соты құрылды.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау кепілдіктерін күшейтуге, жазалаудың бұлтартпастығына және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілуде.
Пенитенциарлық мекемелерде және полицияның қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелерінде жаппай бейне-байқау енгізілуде.
Күнделікті практикада сотқа дейінгі тергеп-тексерудің, әкімшілік іс жүргізудің, тексеру субъектілері мен объектілерін есепке алудың электрондық жүйелері, сондай-ақ "Qamqor" ақпараттық сервисі қолданылады.
Құқық бұзушылардың лауазымды адамдармен тікелей байланысын болдырмайтын "Сергек" жол жүрісін бейне-бақылау практикасын кеңейту құқық қорғау органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін цифрландыруды пайдаланудың жарқын мысалы болып табылады.
Құқық қорғау жүйесіне мемлекеттік қызметте қолданылатын рекрутинг стандарттарын енгізу іріктеудің айқындылығын және тиісінше, кадрлардың сапасы мен "тазалығын" қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілігін күшейтумен қатар, олардың жалақысын арттыру бойынша шаралар қабылданды, сондай-ақ жекелеген санаттарға тұрғын үйді жалға алу және сатып алу шығындарын өтеу көзделген.
Қоғамдық бақылауды кеңейту, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың тұтас қатары әрекет ететін қоғамдық бақылау күшейтілді.
Ұлттық алдын алу тетігі, қоғамдық байқаушы комиссиялар белсенді жұмыс істеуде. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды.
"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы шеңберінде азаматтық қоғамды шешімдер қабылдау процестеріне тарту үшін тиімді институционалдық-құқықтық негіз қалыптастырылды.
"Қоғамдық кеңестер туралы" Заңға өзгерістер енгізу арқылы қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесі кеңейтілді.
Қоғамдық бақылауды енгізу процесінде саяси партиялар маңызды рөл атқарады. "Nur Otan" партиясы 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын қабылдады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар бастамалар "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарлама шеңберінде іске асырылуда.
Жұртшылық өкілдерінен құрылған арнаулы мониторингтік топ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуын бағалауды қамтамасыз етті.
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңда қоғам алдында есеп беретін және транспарентті мемлекетті қалыптастыру үшін негіздер қаланды.
"Ашық үкімет" электрондық платформасында ашық деректердің бес порталы құрылды: "Ашық бюджеттер", "Ашық НҚА", "Ашық деректер", "Мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау", "Ашық диалог".
Бұл ресурстар азаматтардың бюджеттік бағдарламаларды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысуына, статистикалық ақпарат алуына және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларына проблемалық мәселелермен жүгінуіне мүмкіндік береді.
"e-Өтініш" арнаулы сервисін енгізу арқылы азаматтардың жолданымдарымен жұмысты қайта іске қосу жүзеге асырылды, ол шағымдарды ыңғайлы және жылдам беруге, олардың қаралуын онлайн-режимде қадағалауға мүмкіндік береді.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылдануына орай жария-құқықтық дауларды қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктері енгізілді, сондай-ақ билік органдарының шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысу кепілдіктері күшейтілді.
Жұртшылық қатарынан 150 тәуелсіз сарапшыны тарта отырып, 11,2 мың нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізілді, бұл 30 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға мүмкіндік берді.
Өңірлік мәні бар маңызды мәселелерді шешуге азаматтардың қатысуына негізделген жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді моделі дамытылуда.
Астананың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындарына аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазарту жөніндегі жобаларға бастамашылық етуге мүмкіндік беретін "халық қатысатын бюджет" енгізілді.
Бюджеттің төртінші деңгейін қалыптастыру арқылы ауыл халқының бюджет қаражатының не үшін жұмсалатынын дербес анықтау мүмкіндігі бар.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдерін сайлау енгізілді.
"Адалдық алаңы" жобасының ауқымы ел бойынша кеңейтілді, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл арналарын құруға мүмкіндік берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру, парасаттылық идеологиясын және сыбайлас жемқорлыққа "мүлдем төзбеушілікті" ілгерілету
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалысқа барлық мүдделі топтар: оқушылар, студенттер, оқытушылар, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, инвесторлар, тәуелсіз сарапшылар, еріктілер және басқалар тартылған.
Бакалавриаттың барлық мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері" элективті пәнімен толықтырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары стандарттары бар қазақстандық бірқатар жоғары оқу орындары Академиялық адалдық лигасына бірікті.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі енгізілді. Енді сыйақылар бұрынғыдай белгіленген мөлшерде емес, параның немесе келтірілген залалдың мөлшеріне қарай төленеді. Ең жоғары төлем төрт мың айлық есептік көрсеткішті құрауы мүмкін.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша кешенді шаралар қабылданды. "Транспаренси Қазақстан" қоғамдық қорының "2020 жылы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің мониторингі" атты зерттеуінің деректері бойынша қазақстандықтардың 60%-ы сыбайлас жемқорлықпен күресте көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
Бизнес-процестерді автоматтандыру
Жаңа технологияларды қолдану мемлекеттік органдардың клиентке бағдарлануының басым міндетін көрсете отырып, азаматтарға электрондық және мобильдік форматтарда қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан "электрондық үкіметтің" даму деңгейі бойынша рейтингте БҰҰ-ға мүше 193 елдің арасында – 29-орынды (2018 ж. – 39), ТМД елдері арасында – 1-орынды, Азия елдері арасында 6-орынды иеленді.
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі кешенді және дәйекті жұмыстың нәтижесінде Қазақстанның позициясы жақсарды.
Трансформациялық процестер көптеген әлеуметтік-сезімтал салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға ықпал етті.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру әкімшілік кедергілерді және сыбайлас жемқорлықтың басқа да алғышарттарын азайтуға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттері мен қағидалары бірыңғай құжатқа жинақталды. Халыққа және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтер "бір терезе" қағидаты бойынша көрсетілуде, проактивті қызметтер дамытылуда.
2020 жылы электрондық көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі – 90%, көрсетілетін қызметті алушылардың олардың сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі 75,1% болды (2018 ж. – 72,4%, 2019 ж. – 74,8%).
Квазимемлекеттік және жекеше секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді құру заңнамалық тұрғыдан бекітілді.
"Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Заң қабылданды, ол "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қорының, өзге де ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес ұйымдарының сатып алуын біріздендірді.
Камералдық бақылаумен сатып алудың электрондық тетігі, жосықсыз қатысушылар тізілімі енгізілді, конкурстан тыс рәсімдер үшін талаптар жоғарылатылды.
2021 жылдан бастап есеп беруді күшейту мақсатында квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құрылуда.
Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың әлеуетті субъектілерінің ауқымы кеңейтілді. Оларға сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде шешімдер қабылдауға уәкілетті не мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты адамдар жатқызылды.
Бизнес-қоғамдастық Қазақстан кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі хартиясын қабылдады, ол отандық бизнесті озық халықаралық тәжірибеге негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қосымша тетіктерін енгізуге шақырады.
Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар үшін мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуға өмір бойына тыйым салу қолданылады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, судьяларға, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдарға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін санкциялар қатаңдатылды.
Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін сотталғандарға мерзімінен бұрын шартты түрде босату мүмкіндігі алып тасталды. Парақорлық үшін жазаны бірден қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеуге тыйым салынды.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін дербес жауапкершілігі институты енгізілді. Ол енгізілген сәттен бастап 8 саяси қызметшінің отставкасы қабылданып, 13 саяси қызметші, басшылық деңгейдегі 98 мемлекеттік әкімшілік қызметші, күштік блоктың 109 басшысы және квазимемлекеттік сектордың 21 топ-менеджері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы, 2018-2020 жылдары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін 3 мыңнан астам адам сотталды, олардың ішінде 1 министр, 3 вице-министр, 8 облыс әкімі және олардың орынбасарлары, 31 қала, аудан әкімі және олардың орынбасарлары, ұлттық компаниялардың 8 басшысы бар.
Халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа және кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі халықаралық конвенцияларға, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбұл іс-қимыл жоспарына (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) желісі шеңберінде) қосылды және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (ГРЕКО) кірді.
Халықаралық ұйымдармен және шетелдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдармен сындарлы өзара іс-қимыл жолға қойылды.
2019 жылы ЭЫДҰ-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісінің пленарлық отырысында мониторингтік топ Ыстамбұл жоспарының 4-раунды ұсынымдарының орындалуы туралы Қазақстанның аралық есебіне оң баға берді (29 ұсынымның 20-сы бойынша ілгерілеушілік байқалды).
Қабылданған шаралар қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністерін одан әрі жоюдың берік іргетасын қалады, бұл 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Transparency International Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде алғаш рет 38 балл (екі жылда +7 балл) жинап, 180 елдің арасында 94-орынға (екі жылда +30 позиция) ауысуына мүмкіндік берді.
2.2. Орта мерзімді перспективада шешуді талап ететін түйінді проблемалар
"Тұрмыстық" сыбайлас жемқорлық
Азаматтар мен кәсіпкерлердің күнделікті өмірде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауына байланысты "тұрмыстық" сыбайлас жемқорлық іс жүзінде көптеген салаларда сақталып отыр.
"Транспаренси Қазақстан" қоғамдық қоры жүргізген "2020 жылғы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің мониторингі" әлеуметтанушылық зерттеуінің нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тұрғысынан сезімтал органдар мен мекемелердің тізбесі жылдан-жылға іс жүзінде өзгермейді: мемлекеттік емханалар мен ауруханалар, полиция, жер қатынастары басқармалары, ХҚКО-лар, мемлекеттік балабақшалар мен жоғары оқу орындары.
Соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлық қылмыскерлік құрылымының едәуір бөлігін – 50%-дан астамын парақорлық фактілері алып отыр.
Негізгі себептер қатарында: сақталып отырған әкімшілік кедергілер, екіұдай мағыналы және дискрециялық нормалар, мемлекеттік органдардың жеткіліксіз ашықтығы, баламалы (қағаз) негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесінің жоғары болуы бар.
Нақты жағдайларға, өңірлік, салалық және өзге де ерекшеліктерге сүйене отырып, әртүрлі әлеуметтік топтарға олардың құқықтарын, міндеттері мен рәсімдерін қолжетімді және түсінікті етіп түсіндіру стандарттары болмай отыр.
Мұның өзі мемлекеттік басқарудың бизнес-процестерін автоматтандырудағы кемшіліктер мен олқылықтарға да байланысты.
Цифрлық шешімдердің бір бөлігінің сапасыз және жартылай іске асырылуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауда. Көбінесе лауазымды адамдар "жалған" цифрландыруды пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасауды жалғастыруда, ал азаматтар мен кәсіпкерлер "цифрландырылған" мемлекеттік функциялардағы техникалық іркілістер, артық процестер және ақпараттық жүйелердің жұмысындағы басқа да кемшіліктер себебінен, өз мәселелерін шешудің заңсыз жолдарын іздеуге мәжбүр болуда.
Сонымен қатар, дерекқорлардың әлсіз интеграциясы мемлекеттің проактивті сервистік моделін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Мемлекеттік және жекеше секторлардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыртқы талдау шеңберінде айқындайтын сыбайлас жемқорлық алғышарттарын жоюға мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың мүдделілігі әлсіз екені байқалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты әлі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар үшін "өзін-өзі тазартудың" пәрменді құралына айналмады.
Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың салалық жүйесі ішінде анықталған тәуекелдерге "өңір – орталық" қағидаты бойынша ден қоюдың тиімді тетігі жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің пассивтілігі сыбайлас жемқорлық деңгейінің нақты төмендеуіне сенуге мүмкіндік бермейді.
Корпоративтік сектормен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жеткілікті түрде бәсекеге қабілетті болмай отыр.
Мемлекеттік функцияларды орындау кезінде мүдделер қақтығысының алдын алудың тиімді тетігі жоқ.
Қолданыстағы декларациялау жүйесі шығыстар мен алынатын кірістердің айтарлықтай алшақ болу фактілеріне ден қоюдың тиімді құралдарымен тиісті түрде бекітілмеген.
Жымқырылған активтерді іздестіру, оларды бюджетке қайтару мүліктің қылмыстық шығу тегін дәлелдеудің күрделілігіне байланысты екінші орында қалуда.
Алдын алу шаралары, негізінен, мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған. Бұл мұндай қызметшілер болып табылмайтын, бірақ азаматтардың сыбайлас жемқорлық деңгейін түйсінуіне үлкен әсер ететін адамдар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу тиімділігін төмендетеді.
Осы тұрғыда мемлекеттік емес сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және адал бизнесті қолдау қажеттігі ерекше маңызға ие болады.
Бюджет қаражатын бөлу процесінің жоғары сыбайлас жемқорлықтық осалдығы
Бюджет қаражатын қалыптастыру және жұмсау туралы ақпараттың жеткілікті түрде айқын болмауы мемлекеттік қаржыны басқаруда сыбайлас жемқорлық тәуекелін арттыратын жүйелі факторларға жатады.
Теріс практиканың негізгі себебі жоспарлау жүйесі мен бюджет қаражатын игеру арасындағы өзара байланыстың жеткіліксіздігі болып табылады. Көп жағдайда бюджеттік өтінімдер жауапты адамдармен жиі үлестес болатын компаниялардың негізсіз жоғары баға ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Тиімсіз жоспарлау экономикалық ысырап және қолдан шығарылған пайда сияқты ауыр зардаптарға алып келеді, сондай-ақ бюджетті игеру кезінде жымқыруға қолайлы жағдай жасайды.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің жұмсалуы туралы деректер қамтылатын бірыңғай ақпараттық жүйенің жоқтығы тиісті мәліметтердің жабық және бытыраңқы болуына ықпал етеді.
Жұртшылықты бюджеттің техникалық бөлшектерсіз және тиісінше, азаматтық бақылауды шектемей, тек негізгі мәліметтер көрсетілген "жеңілдетілген" нұсқасымен таныстыруға жағдай жасалмаған.
Бюджеттеу туралы шешімдер қабылдау рәсімдерінің транспарентті болмауы есеп беруді қамтамасыз ету мүмкіндіктерін азайтады және сыбайлас жемқорлыққа ықпал етеді.
Пандемия және ковидтен кейінгі кезең бөлінетін қаражат пен әлеуметтік-экономикалық нәтижелер арасында байланыстың болмау проблемасын ашып берді.
Кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік қолдауды (субсидиялар, гранттар, кепілдік, жеңілдікті кредиттеу) бөлу тетіктері оның тиімсіз және мақсатсыз пайдаланылуына мүмкіндік береді.
Бұл уәкілетті органдардың бюджеттік қолдау нәтижелілігін бағалаудың түпкілікті көрсеткіштерін айқындамайтынына байланысты. Дұрыс емес, оның ішінде сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа ықпал ететін триггерлер бар.
Кәсіпкерлік субъектілерін субсидиялаудың орындылығы туралы шешім тиісті маманданудың ғылыми қоғамдастығының қатысуынсыз қабылданады. Дискрециялық қаржыландырудың болуы ресурстарды бұруға және бюджеттік тәртіпті сақтау тетіктерін айналып өтуге мүмкіндік береді.
Мұндай жағдай бюджеттік қолдау алудың тең, бәсекелі және әділ жағдайларын жасау жөніндегі шаралардың тиімділігін төмендетеді.
Квазимемлекеттік сектордың заңды тұлғаларының жарғылық капиталын ұлғайту арқылы бюджет қаражатын мемлекеттік бақылау аясынан шығару үрдісі байқалады. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен ведомстволық бағынысты ұйым арасында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін және азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуды айналып өтіп, қаражатты саланың дамуына байланысты емес мақсаттарға аудару жүргізіледі. Соның салдарынан бұлыңғыр шарттық міндеттемелер, бюджетті ұтымсыз жұмсау, жымқыру орын алады.
Бір-бірін едәуір дәрежеде қайталайтын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының төрт буынды жүйесі бюджет процесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Сатып алудың жеткіліксіз айқындығы
2020 жылы бюджет шығыстарының жалпы сомасында мемлекеттік сатып алу үлесі 35%-ды құрады, бұл Қазақстанның ЖІӨ құрылымында 7%, мұның өзі нарыққа айтарлықтай елеулі экономикалық ықпал жасалатынын көрсетеді.
Бюджет қаражатының мұндай айналымы мемлекеттік сатып алу жүйесінің сыбайлас жемқорлықтық тартымдылығын күшейтеді. Әрбір бесінші сыбайлас жемқорлық қылмыс осы салада жасалған.
Қаражаттың алыну көзі біреу – мемлекет бюджеті екеніне қарамастан, бірыңғай іске асыру тәсілінің және осы саланы ортақ дамыту стратегиясының жоқтығы салдарынан сатып алудың құқықтық базасы, әртүрлі платформалары мен сайттары бытыраңқы болып табылады.
Мұндай жағдайларда сатып алу бағасын қолдан көтеру фактілері кең таралады.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде өнім берушінің қосалқы мердігерлермен шарттар жасасуының ашық болмауына байланысты, өнім берушінің әлеуетін бағалау әрдайым объективті бола бермейді.
Жалған актілерге қол қою кең тараған проблема болып қалып отыр. Уақтылы игермегені үшін тәртіптік жауапкершіліктің бұлтартпастығы заңды "мәжбүрлі" түрде бұзуға алып келеді. Нәтижесінде жұмыстың сапасы емес, бюджеттің формальді түрде атқарылуы басым болып шығады.
Бір көзден алу тәсілімен тікелей сатып алу үлесі әлі де болса жоғары (2018-2020 жылдары орташа алғанда 61%).
Сатып алуды қағаз форматта жүзеге асыруға болатыны тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді негізсіз сатып алуды, олардың құнын қолдан көтеруді және өзгеше бұзушылықтарды тежейтін қоғамдық мониторингті шектейді.
Халықаралық ұйымдардың (Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, ЭЫДҰ) сарапшылары атап өткендей, Қазақстанда бірыңғай заңнамалық және нормативтік құқықтық базаның болмауы сатып алудың ортақ және экономикалық тиімді практикасына кедергі жасайды.
Мемлекеттің экономикаға қатысуының жоғары деңгейі
Мемлекеттің экономикаға қатысуының елеулі үлесі экономикалық қызмет субъектілері арасындағы бәсекелестікті іркіп, мықты жекеше сектордың қалыптасуына кедергі келтіреді және елдің жаңа экономикалық өсу моделіне көшуін тежейді.
Мемлекеттік кәсіпорындардың ресурстарға, нарықтарға және қаржыға артықшылықпен қол жеткізуі жекеше компанияларды тиімсіз жағдайға қалдырады және экономикалық әртараптандыруды, тікелей шетелдік инвестицияларды және өнімділіктің өсуін ілгерілету жөніндегі күш-жігерге нұқсан келтіреді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайды.
Олардың ішкі нарықтағы үстемдігі отандық кәсіпорындардың жалпы бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, бұл сыртқы нарыққа аударып қарағанда көрші мемлекеттерге қатысты экономикалық позициялардың жоғалуына алып келеді.
Мемлекеттік сатып алудың едәуір бөлігі мемлекет қатысатын компаниялар арасында баламасыз бөлінеді, бұл осы институтты шағын және орта бизнесті дамыту үшін пайдалану мүмкіндігін төмендетеді.
Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері олардың қажеттілігі терең пысықталмай құрылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалған сыртқы талдау олардың бірқатары министрліктердің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін қайталайтынын анықтады. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасында атап өтілгендей, бүгінгі күні мемлекеттің квазимемлекеттік сектормен бірге экономикадағы үлес салмағы 60-80%-ға жетеді.
Сонымен қатар, активтерді жекешелендіру мен бәсекелес ортаға берудің қолданыстағы тетігі мүдделер қақтығысын жоймайды және объектілерді кепілдік жарнадан төмен бағаға сатып алуға жол береді.
Тиісті ұсыныстарды дайындау форматы, оған қоса шарттарды, әдістерді, акциялар пакеттерінің мөлшерін, объектілерді өткізу және сату алдында дайындау мерзімдерін анықтау осы процестің ашықтығын көздемейді.
Азаматтық қоғам институттарының мемлекетпен сындарлы өзара іс-қимылы тетіктерінің жетілмегендігі
Сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдердің тәжірибесі оны барынша азайтудың басты шарты азаматтық қоғамның кеңінен тартылуы болып табылатынын айғақтайды.
Дегенмен Қазақстанда қоғамдық бақылау институты құқықтық тұрғыдан жеткілікті түрде регламенттелмеген.
Деректердің жабықтығы азаматтардың шешім қабылдауға тікелей қатысу мүмкіндігін шектейді, ал қолжетімді ақпараттың мәні түсінуге қиын және формальды сипатта болады.
Мұндай тәсіл пікірлердің плюрализмін тежейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуеті толық көлемде пайдаланылмайды.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаудың бюрократияландырылған тәсілдері азаматтардың сыбайлас жемқорларды анықтау мен әшкерелеудегі белсенділігін төмендетеді.
Қолданыстағы заңнамада сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды қорғаудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін шаралар жүйесі көзделмеген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тиімділігі мониторингінің жетілмеген жүйесі
Барлық субъектілер, салалар мен аумақтар бөлінісінде сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалаудың бірыңғай ұлттық жария жүйесі жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мониторингі әлеуметтанушылық өлшемдердің тұрақты және ашық әдіснамасына негізделмейді.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлігінде өлшенетін нысаналы көрсеткіштердің түпкілікті, негізделген, түсінікті және тұрақты тізбесі жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ағымдағы ахуалды талдау жалпы алғанда, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, қоғамның әділдікті, баршаның заң алдындағы теңдігін және жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге деген сұранысының сақталып отырғанын көрсетеді.
3-бөлім. Халықаралық тәжірибені шолу
Шетелдік озық практикалардың халықаралық тәжірибесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасау үшін көптеген факторлар мен элементтерді кешенді түрде ұштастыруды көздейтін жүйелі тәсіл қажет екенін көрсетеді. Бұл ретте институционалдық тетіктер мен құқықтық құралдарды дамыту, қоғамдық хабардарлықты және азаматтық қоғамның тартылуын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажет.
Кең қоғамдық қолдау болмаса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі күш-жігер сәтсіздікке ұшырайды. Бұл тұрғыда тиісті мәдениетті қалыптастыру елеулі рөл атқарады. Сондықтан Доха декларациясында қылмыскерлік пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, заңды құрметтеу мәдениетін құруда білім берудің рөлі баса айтылған.
Неғұрлым дамыған елдердің практикасы ақпаратқа кеңінен қол жеткізудің, шешімдер қабылдау процестерінің айқындығы мен қоғамдық қатысу тетіктерін құрудың сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға елеулі дәрежеде ықпал ететінін көрсетеді.
Мысалы, мемлекеттік шығыстар туралы ақпараттың қолжетімді болуы мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бразилия, АҚШ, Украина, Оңтүстік Корея порталдарында бюджеттер туралы барынша кең ақпарат қамтылған.
Тағы бір мысал – Грузияның электрондық сатып алу жүйесі, онда стандартты функционалмен қатар конкурстық бетте онлайн сұрақтар қою және жария түрде жауаптар ұсыну, тендерлік процестің кез келген кезеңінде талап қоюды беру, сондай-ақ Сатып алу және конкурстар жөніндегі мемлекеттік агенттіктің мониторингі шеңберінде цифрлық форматта тендер бойынша тәуекелдерді анықтау мүмкіндігі көзделген.
Ашық ақпараттың болуы журналистік тергеп-тексерулерді жүргізуге де жағдай жасайды. Мұндай практика Ұлыбританияда, Францияда, Швецияда және еуропаның басқа да елдерінде кең таралған.
Дүниежүзілік банкті тарту құралы қызығушылық тудырады. Электрондық "Интегрити Эпп" (Integrity App) қосымшасы азаматтардың алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа байланысты проблемалар туралы хабарлауына мүмкіндік береді. Оның пайдаланушылары, мысалы, құрылысы аяқталмаған мектептің фотосуреттерін, пара сұраудың аудио жазбасын не кез келген басқа файлды немесе құжатты жібере алады.
Цифрландыру әкімшілік кедергілерді азайтудың, дискрецияны қысқартудың және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың маңызды факторы болып табылады.
Эстонияның мемлекеттік дерекқорында экономикалық статистика мен сот архивтерінен бастап азаматтардың медициналық карталары мен шағымдарына дейін барлығы бар. Осы орайда, кез келген әрекет жүйенің тарихында өз ізін қалдырады, бұл қысқа мерзімде бұзушыны табуға мүмкіндік беріп, деректердің қорғалуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлықты барынша азайтады. Оның үстіне шенеуніктер мен азаматтардың өзара іс-қимылы мүлдем жоқ немесе барынша төмен деңгейде.
Оңтүстік Кореяда ЮНИ-ПАСС (UNI-PASS) кедендік ресімдеудің электрондық жүйесі енгізілген, ол кеден қызметкерлері мен көрсетілетін қызметті алушылардың арасында жеке байланыстарды қысқарту есебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетті.
Австралияда, Мажарстанда, Молдовада, Румынияда және АҚШ-та сыбайлас жемқорлық фактілерін болғызбау және анықтау үшін парасаттылыққа тексеру табысты түрде пайдаланылуда. Ол тестіленетін адам білмейтін сыбайлас жемқорлық мінез-құлықты анықтау мақсатында модельденген жағдайды білдіреді.
Жеке мүдделерді декларациялау, ден қою және жауапкершілік шараларын қамтитын мүдделер қақтығысын реттеу маңызды алдын алу тетігі болып табылады.
Сонымен қатар, "айналмалы есік" практикасына қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы реттеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл термин жұмыскерлердің мемлекеттік сектордан жекеше секторға ауысуы деп түсініледі.
Мәселен, Норвегияда мемлекеттік қызметшілердің – жекеше кәсіпкерлік құрылымдарға және бизнесмендердің билік құрылымдарына ауысуы үшін жарты жылға дейінгі мерзімге "карантин" қағидалары қолданылады. Осындай шаралар Германияда, Испанияда, Латвияда, АҚШ-та, Франция мен басқа елдерде қолданылады.
Шектеу шараларын кеңейтумен қатар мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері де белгіленеді. Әлемде әртүрлі тәсілдер: арнаулы зейнетақы жүйелері, тегін медициналық сақтандыру, көлік шығыстары, балаларға арналған жәрдемақы, тұрғын үй төлемдері және басқалар қолданылады.
Мысалы, Франция мен Жапонияда тұрғын үй және көлік өтемақылары көзделген. Ұлыбританияда мемлекеттік қызметшілердің зейнетақы аударымдары жекеше сектордағыға қарағанда 15%-ға жоғары.
Сонымен бір мезгілде шет елдерде мемлекеттік қызметшілердің қосымша табыс көздеріне қойылатын шектеулер аз.
Мәселен, Грекияда мемлекеттік қызметшілер өзге ақылы жұмысты рұқсатпен және ол қызметтік міндеттерін сапалы орындауға кедергі келтірмеген жағдайда орындай алады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың тиімділігі қажетті деректерге қол жеткізуге тікелей байланысты. Мысалы, Гонконгта, Сербияда, Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарға өз функцияларын орындау мақсатында электрондық дерекқорларға кеңінен қолжетімділік және банктер мен өзге де қаржы мекемелерінен лауазымды адамдардың келісімінсіз, олардың шоттары мен қаржы қаражаты туралы ақпарат сұрату құқығы берілген.
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) құзыретті органдарды заңды тұлғалардың бенефициарлық меншігі туралы жеткілікті, дәл және уақтылы ақпаратты алу немесе оған дер кезінде қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтеді.
Осыны ескере отырып, 2016 жылдан бастап Ұлыбританияда компанияға "елеулі бақылауы бар" тұлғалардың тізілімі (Register of people with Significant Control) енгізілді. Оған компания капиталының 25%-дан астамын иеленетін немесе оған бақылау жасау не оны басқаруға ықпал ету мүмкіндігі бар адамдар енгізілген.
Бизнестің парасатты мінез-құлқын көтермелеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзекті тренд болып табылады. Шығыс Еуропа елдерінде өнімдерді, көрсетілетін қызметтер мен маркетингтік материалдарды ашық бизнес-таңбалаудың "Мөлдір толқын" ("Clear Wave") бастамасы іске асырылды. Бұл белгі іскерлік әдептің, айқындықтың, жауапкершілік пен орнықтылықтың символы болып табылады.
Бизнестің мінез-құлық стандарттары белгіленетін парасаттылық туралы пактілер жасасу практикасы да қолданылады. Көп жағдайда олар ірі жобаларға арналған нақты ашық мемлекеттік конкурсқа немесе тендерге байланысты болады.
Халықаралық деңгейде өндіруші салалардың айқындығы (EITI) және құрылыс секторының айқындығы (CoST) бастамалары парасаттылық туралы белгілі пактілер болып табылады.
Жалпы алғанда, озық практикаларды талдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың мынадай үрдістері мен перспективаларын айқындауға мүмкіндік береді:
1) қоғамда парасаттылық мәдениетін нығайтуға бағытталған ағарту іс-шараларын жүйелеу;
2) бизнестің парасаттылығын ынталандыру;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға азаматтық қоғамды тарту;
4) мемлекеттік аппараттың қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту және шешімдер қабылдаудың айқындығын қамтамасыз ету;
5) цифрландыру сыбайлас жемқорлықты барынша азайту құралы ретінде;
6) мемлекеттік қызметшілер үшін әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту;
7) мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу;
8) азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық аспектілерде құқықтық мәжбүрлеу шараларының тиімділігін арттыру.
4-бөлім. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту пайымы
Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір сарынды іс-қимылдан қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген нысандарын қабылдамауына, алдын алу шараларының басымдығына көшуді көздейді.
Қол жеткізілген нәтижелерді, халықаралық стандарттарды және алдағы кезеңге арналған стратегиялық мақсаттарды ескеретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы біртұтас саясатты дамыту жалғастырылатын болады.
Тиісті шаралар мен нысаналы көрсеткіштер елдің стратегиялық құжаттарында – "Қазақстан-2050": қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтарында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында, Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында және басқаларда көзделген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы стратегиялық мақсат 2026 жылдың қорытындысы бойынша Transparency International Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде 47 баллға, 2030 жылға қарай 55 баллға қол жеткізу болып табылады.
Аталған көрсеткіш сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың ғана емес, саяси, әлеуметтік, экономикалық реформалардың да бағасын қамтитынын ескере отырып, оған қол жеткізу жөніндегі жұмысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық субъектілері тартылатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әзірленген шаралар сыбайлас жемқорлықтың, әсіресе, "тұрмыстық" сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын кешенді түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тартуға бағытталатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, тәрбиелеу және білім беру шараларын жүйелеу, мемлекеттік аппарат пен бизнес-қоғамдастық өкілдерін парасатты мінез-құлыққа ынталандыру арқылы сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамауға қол жеткізілетін болады.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, оның ішінде олардың нақты үлесін бағалаудың жария жүйесін енгізу арқылы барынша мүдделі және белсенді болады.
Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлықты экономикалық және бедел жағынан тиімсіз ететін жағдайлар жасауға бағытталған.
5-бөлім. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат:
1) баршаның заң алдындағы теңдігі және әділдік;
2) жариялылық, айқындық және қоғамға есеп беру;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын кешенді пайдалану;
4) сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың басымдығы;
5) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;
6) тиімділік пен нәтижелілік;
7) сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерінде оны қабылдамау;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау;
9) сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы;
10) сапалы цифрлық трансформация қағидаттарына негізделеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту тәсілдері мынадай міндеттерді орындау арқылы іске асырылатын болады:
1) сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін жою;
3) жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру.
1-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру
Құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру
Адалдық, заңдылық пен прагматизм әркімнің ішкі құндылық нанымына айналуға тиіс.
Қоғам сыбайлас жемқорлықты проблемаларды оңай шешудің кепілі ретінде қабылдамауға, достық қарым-қатынас пен протекционизмді жұмыспен ұштастырмауға тиіс. Жемқорлар қоғамдық айыптауға ұшырауға тиіс.
Адамның сыбайлас жемқорлық іс-әрекет жасауды немесе жасамауды таңдауы жазаның ауырлығымен және қылмыс жасаудан күтілетін пайдамен салыстырылмауға тиіс.
Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған коммуникациялық шаралар кешенін қабылдау қоғамдық сананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы эволюциясында негізгі рөл атқарады.
Құқықтық актілерді түсінікті тілде, қысқаша түрде түсіндіре отырып, сондай-ақ цифрлық шешімдерді, оның ішінде белгілі бір өмірлік жағдайлар мен заңдық фактілер бойынша автоматтандырылған хабарларды қолдана отырып, азаматтарға олардың құқықтары туралы нақты хабарлауды дамыту қажет.
Ауқымды түсіндіру жұмысы азаматтарды мәселелерді шешудің заңсыз тәсілдерін іздеу қажеттілігінен қорғауға мүмкіндік береді.
Парасаттылық жүйесін қалыптастыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен өмірлік қағидаттары бар жас ұрпақты тәрбиелеу аса маңызды рөл атқарады.
Тұлғаның қалыптасуының барлық кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды дарыту табыстың іргелі факторы болып табылады.
Осы орайда, отбасы институты арқылы, оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуетін пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты дамыту қажет.
Білім берудің рөлін арттыру жөніндегі халықаралық практикалар мен бастамаларды имплементтеу, сондай-ақ жастардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін нығайтуға ықпал ететін болады.
Парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тақырыптары білім беру жүйесіне қосылатын болады. Баланы мектепке дейінгіден бастап, әртүрлі жас кезеңдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы біліммен сүйемелдеп отыру қажет.
Бұл жұмыста әлемнің дамыған елдерінде кең таралған академиялық адалдық пәрменді құралға айналуға тиіс.
Сол арқылы сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік иммунитеті мықты азаматтардың жаңа ұрпағы қалыптасатын болады.
Мемлекеттік аппараттың парасаттылығын арттыру
ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары айқындық, әдептілік және сатылмаушылық болып табылады.
Азаматтардың билік органдарына деген сенімін арттыру үшін мемлекеттік қызметтің оң имиджін, оның ішінде адал, лайықты мемлекеттік қызметшілердің өнегелерін кеңінен жазып-көрсету арқылы нығайту мәселелері баса назар аударуды талап етеді.
Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндетті оқытуды оның үздіксіздігін, дәйектілігі мен өзектілігін қамтамасыз ете отырып, дамыту қажет.
Мемлекеттік аппараттың "тазалығын" қамтамасыз ету үшін лауазымдық міндеттері сыбайлас жемқорлықтың жоғары тәуекелдерімен ұштасатын қызметшілермен жұмыс жөніндегі шаралар әзірленетін болады.
Сатылмаушылықтың тағы бір маңызды элементі – мүдделер қақтығысын реттеу. Бұл үшін мүдделер қақтығысын анықтау мен реттеуді жауапкершіліктің пәрменді шараларын, сондай-ақ жұмысқа орналасу алдында және мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейін "аптығын басу" қағидатын қолдана отырып, егжей-тегжейлі түрде регламенттеу қажет.
Бұл ретте қызметшілердің өздерін ынталандыру қажет. Бұл тұрғыда әркімнің үлесін дербестендіру қағидаты бойынша еңбекке бәсекелі ақы төлеу мен әлеуметтік пакетті қамтамасыз етудің маңызы зор.
Мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлық материалдық жағынан тиімсіз болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты мәдениет қалыптасуға тиіс.
Бизнестің парасаттылығына жәрдемдесу
Кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау аясында адал бизнесті ынталандыру өзекті болып табылады.
Осы бағыттағы пәрменді шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты ерікті түрде имплементтеу болып табылады.
Оның құрамдас бөлігі ретінде компаниялар мен олардың персоналының қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөніндегі нақты шараларды қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ішкі бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру практикасын көздеу маңызды.
Тағы бір ұсыным контрагенттермен жасалатын шартқа тараптардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол беруге болмайтынын және олардың уақтылы алдын алуға әзір болуды өзара түсінуіне бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпені енгізу мүмкіндігі болып табылады.
Аталған шаралар тиімді болуы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің құзыретін кеңейту және жоғары оқу орындарында тиісті білім беру бағдарламаларын енгізе отырып, комплаенс-мамандар нарығын дамыту қажет.
Жұмыскерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық негіздеріне оқытудың үздіксіз процесін белгілеу керек.
Бизнес-ортадағы ашықтық пен жауапкершілікті арттыру, корпоративтік сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында бизнес субъектілері бойынша кәсіпкерлік субъектілері туралы жан-жақты мәліметтерді, оның ішінде олардың парасаттылығы мен сенімділігі тұрғысынан шоғырландыруға мүмкіндік беретін ашық интеграцияланған дерекқорды – бизнес-тізілімді кеңінен енгізу қажет.
Кәсіпкерлердің осындай дерекқорды пайдалана отырып, әлеуетті контрагенттерді бағалауы, тиісті сақтық қағидатын сақтау адал кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғайтын болады.
Сыбайлас жемқорлықтың жоғары тәуекелдеріне шалдыққан қаржылық процестер үшін сыбайлас жемқорлық индикаторларының жүйесі және оларды анықтау алгоритмдері қажет.
Ұсынылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарды қолдану нәтижелері ұсынымдық сипатта болуға және бизнесті жүргізудің белгіленген стандарттары мен қағидаттарына қайшы келмеуге тиіс.
Кәсіпкерлік субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсынымдарға сәйкестігі экономикалық және беделдік ынталандырулар арқылы оларды көтермелеу шараларын қолдануға негіз болады.
2-міндет. Сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін болдырмау
Бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау тәуекелдерін және сатып алуда сыбайлас жемқорлықты азайту
Ұтымсыз капитал салымдарын, әсіресе, мемлекеттік секторда жою мақсатында, бюджеттен қаржы құюды көздейтін жобалардың экономикалық негізділігін бағалау тетігі қайта қаралатын болады.
"Бір қол қою" қағидасын қоса алғанда, блоктық бюджетті енгізу жаңа бюджеттік қағидаларды, бюджеттік лимиттерді бөлудің объективті әдістемесін қабылдаумен сүйемелденетін болады.
Бұл шешімдердің жеделдігін, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін және қаржыны басқарудың нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бюджет процесінде қаржылық мерзімдерден жобалық мерзімдерге көшу де қажет, бұл күнтізбелік жылдың соңында орындалған жұмыстардың актілеріне асығыс қол қоюды және осыған байланысты заң бұзуды болдырмайды.
Жалпы алғанда, мемлекеттік құжаттар мен жобаларды іске асыру кезінде жобалық менеджментті енгізу мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралына айналады.
Жобаларды қаржыландыру нысаналы көрсеткіштер мен мемлекеттік инвестициялаудың өлшенетін нәтижелері болған кезде ғана жүзеге асырылатын болады, бұл индикаторлардың тұтас елдің немесе нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін болжай отырып, оларды есептеу әдістемесін қалыптастыруды талап етеді.
Бағалау халықтың өмір сүру сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлық факторларының болуы призмасы арқылы жүргізіледі. Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар салаларды жан басына шаққанда қаржыландыруды көздейтін және шығындарды жабуға бюджет қаражатының бөлінуін болдырмайтын "ақша адамның соңынан ереді" қағидаты негізгі қағидат болуы тиіс.
Сонымен қатар шынайы мақсаттар мен индикаторларды алға қою үшін, сондай-ақ тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуді мониторингтеу үшін анық статистикалық ақпараттың болуы қажет. Осыған байланысты көрсеткіштерді есептеудің қолданыстағы әдістемелері қайта қаралатын болады.
Мұндай шаралар мемлекеттік сектордың болжау қызметінің, "сценарийлік" жоспарлауды ұйымдастырудың және бюджет қаражатын нысаналы пайдаланудың деңгейін арттырады.
Бюджет саясатының ашықтығына қол жеткізу үшін мемлекеттік сатып алу, бюджетті жоспарлау және мемлекеттік қаржыны басқару процестерін бірыңғай платформаға біріктіру талап етіледі.
Бюджет қаражатының қанша бөлігі түпкілікті алушыларға жететіні туралы мәліметтердің ашықтығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай азайтады.
Бюджет қаражатын "ақшаны бояу" қағидаты бойынша (бөлінген сәттен бастап игерілгенге дейін) сүйемелдеуді енгізу олардың мақсатсыз пайдаланылуын болдырмайды.
Бір көзден сатып алу үлесін қысқартуға құқықтық негіздерді олардың орындылығы тұрғысынан, әсіресе зияткерлік меншік объектілері, ерекше тәртіппен және мемлекеттік тапсырмалар шеңберінде өткізілетін сатып алу бойынша қайта қарау ықпал ететін болады.
Тауарлардың нарықтық құны бағдар болатын орташа сату бағасын анықтау сатып алу жүйесін тиімді ұйымдастыруға негіз болады.
Таза бәсекелестіктің өсуі кезінде биржалық сауданың шектерін біртекті және оңай ауыстырылатын тауарларға кеңейту ұйымдастырылған тауар нарығын дамытуға әсер етеді.
Мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуы үшін бірыңғай талаптарды белгілеу осы саланы реттеуде біріздендірілген тәсілді қамтамасыз ете алады.
Бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында функциялардың қайталануын жойып және олардың тәуелсіздігін күшейте отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесі оңтайландырылады.
Бюджеттік қолдаудың экономикалық тиімділігін арттыру
Мемлекеттік қолдау саласындағы жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін (әкімшілердің көптігі, құқықтық актілердің бытыраңқылығы, қомақты бюджет қаражатының жұмсалуының жабықтығы мен бақылаусыз болуы) ескере отырып, осы бағыттағы мемлекеттік саясатты өзгерту талап етіледі.
Мемлекеттік қаржылық қолдауға тек сенімді кәсіпкерлік субъектілері ғана жататын болады.
Аталған салаға ревизия жасау осы орайда бағдарламалық және стратегиялық құжаттардың басымдықтарына үйлеспейтін, мақсаттары қайталанатын, сондай-ақ экономикалық және/немесе әлеуметтік әсерді қамтамасыз етпейтін бағыттарды жоя отырып, мемлекеттік қолдау түрлерін оңтайландыруға да мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қолдау элементтерін бөлуді автоматтандыру нәтижесі мемлекет бақылайтын әмбебап порталға тиісті электрондық инфрақұрылымды біріктіретін бірыңғай IT-платформаны қалыптастыру болады.
Бюджеттік ассигнация бенефициарларының жария тізілімін енгізу жеке мемлекеттік қолдау алушыны қадағалауға мүмкіндік береді және мүдделер қақтығысын барынша азайта отырып, оның нысаналы пайдаланылуын едәуір арттырады.
Мемлекеттік қолдаудың барлық түрлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару әдіснамасын әзірлеу талап етіледі.
Әлеуетті адресаттар бюджеттік қолдау түрлері және оны алу мерзімдері туралы анық және уақтылы ақпарат алады. Растайтын мәліметтер сөзсіз объективті болған кезде оны бөлудің "проактивті" форматы енгізілетін болады.
Деректерді жинау, өңдеу және сақтау, сондай-ақ алушылардың қойылатын өлшемшарттарға сәйкестігін бағалау кезінде іске қосылған ақпараттық ресурстарды интеграциялау кезінде адамның қатысуы және тікелей байланыстар барынша азайтылатын болады.
Мемлекеттің экономикаға қатысуын төмендету
Мемлекеттік компаниялардың сатып алудағы үлесін қысқарту мемлекеттік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарының біріне айналады.
Мемлекеттік кәсіпорындар (ұлттық холдингтер) үшін монополиялық жеңілдіктер мен ерекшеліктер тізбесін оңтайландыру сатып алу рәсімдері тиімділігінің және бағалардың бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне алып келеді.
Мемлекеттік сектор қызметіне кешенді функционалдық талдау жасауды жалғастыру бәсекелес ортаға беруге жататын функцияларды анықтауға мүмкіндік береді.
Жария құқықтың заңды тұлғалар институтын енгізу тиімді тетіктердің бірі бола алады.
Бұл ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін жекешелендіру туралы шешімдер қабылдау кезінде тиісті талаптар мен бақылауды күшейткен маңызды. Жекеше секторға өкілеттіктерді беру нәтижеге бағдарланған есептілік жүйелерін енгізумен сүйемелденуге тиіс.
Рәсімдердің айқындығын және кепілдік жарнадан төмен емес әділ нарықтық құнды қамтамасыз ете отырып, объектілерді мемлекеттік емес секторға беру тізбесі мен тетіктерін қайта қарау талап етіледі.
Мемлекеттік мүлікті тиімді басқару бойынша заңнамалық тұрғыда бекітілген тетіктер Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылатын болады.
Сонымен қатар бәсекелестік жеткіліксіз салаларды қоспағанда, мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесі бар ұйымдардың мемлекеттік қолдау (субсидия, гранттар) алуына тыйым салуды пысықтау қажет.
Сапалы цифрландыру сыбайлас жемқорлықты төмендету факторы ретінде
Цифрландыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, азаматтың шенеунікпен тікелей байланысын және тиісінше, "тұрмыстық" сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын болдырмай, барлық рәсімдердің бюрократиядан арылтуға және ашықтығына кепілдік береді.
Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін цифрлық форматқа көшіру арқылы озық технологиялық шешімдерді одан әрі қолдану барлық салаларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталатын болады.
Деректердің бірыңғай ауқымына негізделген цифрлық Үкіметтің жаңа архитектурасын құру азаматтардың өмірін айтарлықтай жеңілдетеді. Талап етілетін құжаттар автоматты түрде берілетіндіктен мемлекеттік органдарға, халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажеттігі жойылады.
Мемлекеттік көрсетілетін жасырын қызметтерді алып тастау, сондай-ақ мемлекеттік емес платформалар арқылы электрондық форматты бір мезгілде кеңейте отырып, мемлекеттік қызметтер көрсетудің баламалы тәсілдерін қысқарту дәйекті қадам болады.
Мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсетудің және мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін реинжинирингтеудің жүйелі шаралары Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылатын болады.
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын цифрлық трансформация талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге ықпал ететін болады.
Қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесін жедел төлемдер инфрақұрылымын кеңейту арқылы, оның ішінде азаматтың цифрлық "әлеуметтік әмиянын" пайдалана отырып ұлғайту маңызды шара болып табылады, бұл ақша ағындарын оңайлатады және олардың ашықтығын қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын анықтау және жою құралдарын жетілдіру
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жариялылығы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық алғышарттарын өз бетінше жою белсенділігін арттыруға ықпал ететін болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау және ұсынымдарды іске асыру мониторингі процесіне қоғамдық кеңестерді тарту арқылы сапа мен объективтілік қамтамасыз етілетін болады.
Жобалық тәсіл шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау институтын дамыту оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, дербес жауапкершілікті, проблемаларды кешенді түрде шешуді және формализмнің алдын алуды қамтамасыз етеді.
Бұған ықтимал сыбайлас жемқорлыққа осал тұстар туралы белгі беретін индикаторлары бар салалық картограммаларды әзірлеу ықпал ететін болады. Тәуекелдердің мұндай бейіндері сыбайлас жемқорлықтың жалпы көрінісін нәтижесіз талқылаудан арыла отырып, азаматтар үшін аса сезімтал салаларда нақты алдын алу шараларына негіз болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалған сыртқы және ішкі талдаулардың ұсынымдары құқықтық мониторинг жүргізу көздерінің тізбесіне енгізілетін болады, оның нәтижелері қоғамдық кеңес отырыстарында қарау нысанасына айналады.
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама институтын, оның ішінде сарапшылық әлеуетті жетілдіру арқылы одан әрі дамыту қажет.
Ғылыми тәсіл және жасанды интеллект элементтерін енгізу ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ете отырып, осы жұмыстың сапасы мен қамту аясын арттыруға мүмкіндік береді.
Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда алдын алудың анағұрлым әсеріне қол жеткізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ғылыми құрамдас бөлігін дамыту бойынша қосымша шаралар қабылданатын болады.
3-міндет. Жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру
Жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидаты жазалау практикасында ғана емес, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, келтірілген залалды өтеуде және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруде де болуға тиіс.
Бұл жерде құқық үстемдігін қамтамасыз ету және сот төрелігінің мінсіз жүйесі шешуші болуға тиіс, мұнда атқаратын лауазымдары мен байланыстарына қарамастан, барлық құқық бұзушылар сыбайлас жемқорлық үшін жауапқа тартылатын болады.
Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сот билігі мен судьялардың тәуелсіздігі күшейтіледі, олардың қызметінің ашықтығы мен олар қабылдайтын шешімдердің әділдігі қамтамасыз етіледі.
Қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделін енгізу де елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде пәрменді шара болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте заңсыз жұмыс әдістері мен арандатушылық әрекеттерге жол берілмейді. Кінәсіздік презумпциясы конституциялық қағидатын қатаң басшылыққа алу қажет.
Ықтимал сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінен қоғамға келтірілетін залалды болғызбай, жосықсыз қызметшілерді уақтылы анықтауға және жұмыстан босатуға мүмкіндік беретін парасаттылыққа тексеруді (integrity check) енгізудің тетіктерін әзірлеу қажет.
Бұл ретте тексерушілер тарапынан теріс пайдаланудан қорғау кепілдіктері көзделетін болады.
Игіліктерді заңсыз алу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау үшін басты себеп болып табылады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықты "тиімсіз" ететін, яғни заңсыз жиналған қаражатты пайдалану мүмкіндігін жоятын тетіктерді енгізу талап етіледі.
Шығыстар кірістерден айтарлықтай асып кеткен кезде негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізу осындай құралдардың бірі болады.
Аталған институттың пәрменділігін қамтамасыз ету үшін кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларацияларды, оның ішінде электрондық жүйелер арқылы тәуекелге бағдарланған тиімді тексеру қолданылатын болады.
Жария лауазымдардың тізілімін енгізу қаржылық мониторинг шеңберінде осы тізімге кіретін адамдардың ғана емес, олардың жақын туыстарының да ірі сатып алуы мен операцияларын қадағалауға мүмкіндік береді.
БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының негіз қалаушы қағидатын іске асыру – қылмыстық құқық бұзушылықтарды, әсіресе қылмыстық кіріс алу және оны заңдастыру тәуекелдерімен ұштасқан қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезінде қылмыстық активтерді іздестіру мен қайтаруды қамтамасыз ету келесі қадам болады.
Осы мақсатта "ақшаны қадағалау" ("follow the money") қағидаты бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тиісті мамандануын және олардың уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен белсенді ынтымақтасуын қамтамасыз ете отырып, міндетті қаржылық тергеп-тексеруді көздеу қажет.
Сыбайлас жемқорлықта жосықсыз шенеуніктермен қатар бизнес-орта да мүдделі тарап болып табылады. Сараптамалық бағалауларға сәйкес, заңды тұлғалардың парадан алатын пайдасы параның өзінен он есе көп.
Сондықтан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту сыбайлас жемқорлықты төмендету үшін міндетті шарттардың бірі болып табылады.
Үлкен айыппұл санкцияларын және басқа да шектеу шараларын қолдану компаниялар үшін лауазымды адамдарды параға сатып алуды экономикалық тұрғыдан тиімсіз етеді.
Сонымен бір мезгілде кәсіпкерлік субъектілерін лауазымды адамдардың құқыққа сыйымсыз әрекеттерінен, оның ішінде рейдерліктен қорғау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
"Тұрмыстық" сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жүйелі шаралар тұрғысынан мемлекеттік органдар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар жұмыскерлерінің заңсыз материалдық сыйақыны қорқытып алу фактілерінің жолын кесу тәсілдері қайта қаралатын болады.
Неғұрлым тиімді алдын алу тетігі мақсатында пара ұсынуды/параны уәде етуді криминалдандыру қажет, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда елеулі прогреске қол жеткізу және жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету үшін, Қазақстанның жаңа халықаралық құқықтық құралдарға – Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауаптылық туралы конвенциясына және ЭЫДҰ-ның Халықаралық коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды адамдарды параға сатып алумен күрес жөніндегі конвенциясына қосылу керек.
4-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту
Қоғамдық бақылау институтын дамыту
Азаматтық қоғамның пікірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың "лакмус қағазы" болуға тиіс.
Қоғамдық бақылауды іске асыру тетіктері қоғамдық кеңестердің қызметімен шектелмейді.
Осы бағытта "Қоғамдық бақылау туралы" Заңның қабылдануы маңызды болып табылады, ол мемлекеттік бақылауға балама ретінде осы институтты айқындап береді.
Азаматтық қоғам өкілдерінің бюджет процесіне, мемлекеттік сатып алу мониторингіне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалауға, қандай да бір саладағы, өңірдегі неғұрлым проблемалы, өткір мәселелерді айқындауға қатысуы арқылы олардың мемлекетпен өзара іс-қимыл процестерін жетілдіру қажет.
Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен іске асырылатын жобаларға тиімді қоғамдық мониторинг енгізіледі.
Мемлекеттік органдардың шешімдері туралы ақпараттың жариялылығы азаматтық қоғаммен сындарлы диалогқа жәрдемдесетін болады және халықтың шенеуніктермен артық байланыс жасау қажеттілігін жоюға мүмкіндік береді.
Бұл ретте мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпарат беруіндегі бытыраңқылық пен көп есептілікті жойған жөн.
Пәрменді кері байланыс тұрғысынан азаматтар үшін өзекті әрі түсінікті деректерді орналастыра отырып, мемлекеттік органдардың жария ақпараттық ресурстарын оңайлатуды қамтамасыз ету қажет.
Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қоғамдық кеңестерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы рөлін күшейту бөлігінде олардың функцияларын объективті түрде қайта қарау талап етіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға журналистер мен өзге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кеңінен тарту қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал ететін болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде журналистердің өкілеттіктері мен құқықтарының әлеуетін барынша толық пайдалануға ықпал ету қажет.
Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау тетіктерін жақсарту
Азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтауға қатысуын ынталандыру үшін олар туралы хабарлаудың қолданыстағы тетіктері дамытылатын болады.
Қоғамдық санада дұрыс көзқарас қалыптастырған маңызды. Сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәдениеті сөз жеткізушілікпен астаспауға тиіс.
Азаматтарға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы цифрлық коммуникацияның оңайлатылған тәсілдері арқылы хабарлау мүмкіндігі берілуге тиіс.
Бұл ретте бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша қоғамдық резонанс тудыратын сигналдарға ерекше назар аудару қажет. Мұндай кеңінен үн қосу теріс пайдалану және тиімсіз жұмсау фактілерінің алдын алу жағдайында көтермелеуге негіз болуға тиіс.
ЭЫДҰ-ның және ГРЕКО-ның ұсынымдарына сәйкес сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін заңнамалық деңгейде енгізу талап етіледі.
Ақпарат берушілерді жұмыс орнында қудалау мен қысым жасаудан қорғай отырып, олардың еңбек ету құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды бекіту қажет.
Арыз иесі туралы және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көрсеткен жәрдем туралы ақпаратты жария еткені үшін қылмыстық жауаптылық енгізе отырып, оның құпиялылығына кепілдік берілуге тиіс.
5-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда үздік нәтижелерге қол жеткізу және қабылданатын шаралардың тиімділігін объективті бағалау мониторингтің тұтас жүйесі арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Енгізілетін жобалық тәсілді ескере отырып, ол объективтілік және жариялылық қағидаттарына негізделетін болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ахуалды нақты уақыт режимінде көрсететін индикатор болады.
Мұндай құрал азаматтардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға толыққанды қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының жұмысын рейтингтік бағалау көзі болып, оларды азаматтардың өмір сүру сапасын нақты жақсартуға ынталандырады.
Сыбайлас жемқорлық деңгейін әлеуметтанушылық өлшеулерді дамыту мәселесі жұртшылықтың мұндай зерттеулердің нәтижелеріне, оларды жүргізу тәсілдері мен әдістеріне кеңінен қолын жеткізе отырып, жеке қарауды талап етеді.
Сыбайлас жемқорлықты түйсінудің ұлттық индексін қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларының қаншалықты тиімді екенін түсінуге, өзгерістерді бағалауға және іске асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
6-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға баса мән беріліп жатқан кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына және ақпараттық жүйелеріне, қол жеткізудің нақты негіздерін, алынған ақпаратты теріс пайдалану мен жария ету және оларды қызметтен тыс мақсаттарда пайдалану мүмкіндіктерін болдырмайтын бақылау тетіктерін белгілей отырып, қол жеткізу мәселесін одан әрі пысықтай отырып, үлкен деректерді талдау негізінде интеграцияланған талдау құралдарын қолдану өзекті болып отыр.
Мұндай тетік жасырын заңдылықтар мен тәуекелдерінің арақатынасын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың үрдістері мен басқа да инсайдтарды анықтауға ықпал ететін болады.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлық алғышарттарының бар екендігі туралы сигналдары кейіннен ден қою шараларын қабылдау үшін үлкен деректерді талдау шеңберінде пайдаланылуға тиіс.
"1424" call-орталығы кадрлық және техникалық тұрғыдан озық стандарттарға сәйкес келетін болады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің жұмысы мәселелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның үйлестіруші рөлі күшейтіледі.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде кешенділік пен толықтығын қамтамасыз ету үшін Әдеп жөніндегі уәкілдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өзара іс-қимылын регламенттеу қажет.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде кешенділік пен толықтықты қамтамасыз ету үшін әдеп жөніндегі уәкілдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өзара іс-қимылын регламенттеу қажет.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың жаңа тәсілдерінің пайда болуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз сапалы арттыру процесін талап етеді.
Цифрлық қаржы активтерін, криптобиржаларды және басқа да цифрлық платформаларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде одан арғы байыпты халықаралық ынтымақтастық шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы озық стандарттарды имплементтеу жөніндегі жұмыс, оның ішінде ГРЕКО-ның және ЭЫДҰ-ның ұсынымдарын іске асыру арқылы жалғасатын болады.
6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
6.1. 2026 жылдың қорытындысы бойынша нысаналы индикаторлар:
1) Transparency International сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі – 47 баллдан төмен емес;
2) өткен 12 айда кемінде бір рет мемлекеттік лауазымды адаммен байланыс жасаған және мемлекеттік лауазымды адамға пара төлеген немесе осы мемлекеттік лауазымды адам пара талап еткен адамдардың үлесі (Орнықты даму мақсаттарының 2030 жылға дейінгі ұлттық индикаторлары тізбесіндегі жаһандық индикатор) – 25,3%-дан жоғары емес;
3) Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару тиімділігі индексі (Government Effectiveness) – 74-75 процентильден төмен емес;
4) Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің "Институттар" индикаторы – 48-орыннан төмен емес;
5) Дүниежүзілік сот төрелігі жобасының Заң үстемдігі индексі (World Justice Project, Rule of Law Index) – 0,57 баллдан төмен емес;
6) Дүниежүзілік банктің халықтың пікірін есепке алу және мемлекеттік органдардың есептілігі индексі (Voice and Accountability) – 57,5 процентильден төмен емес;
7) Дүниежүзілік банктің сыбайлас жемқорлықты бақылау индексі (Control of Corruption) – 48-50 процентильден төмен емес;
8) елдің ЖІӨ құрылымындағы мемлекеттің экономикаға қатысу үлесінің қысқаруы – 13,9%-дан жоғары емес;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке халықтың сенім деңгейі (Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі өткізетін нәтижелілікті бағалау шеңберінде) – 66 %-дан төмен емес.
6.2. 2026 жылдың қорытындысы бойынша күтілетін негізгі нәтижелер:
1) азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға барынша тартылуы;
2) ашық және қоғамға есеп беретін мемлекеттік аппарат;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудың тиімді жүйесі;
4) транспарентті бюджеттік процестер және бәсекелес сатып алу;
5) сыбайлас жемқорлық үшін жауапқа тартудың әділ жүйесі.
|
Қазақстан Республикасының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
саясатының
2022 – 2026 жылдарға
арналған тұжырымдамасына
ҚОСЫМША
|
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 26.11.2022 № 5; 17.07.2023 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
№
|
Реформалардың/негізгі іс-шаралардың атауы
|
Аяқтау нысаны
|
Аяқталу мерзімі
|
Жауапты орындаушылар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Стратегиялық көрсеткіш: Transparency International сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі, балл: 2022 жылы – 42, 2023 жылы – 43, 2024 жылы – 44, 2025 жылы – 45, 2026 жылы – 47
|
СЖҚІА, ОМО, ЖАО
|
1-міндет. Cыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру
Нысаналы индикаторлар:
өткен 12 айда кемінде бір рет мемлекеттік лауазымды адаммен байланыс жасаған және мемлекеттік лауазымды адамға пара төлеген немесе осы мемлекеттік лауазымды адам пара талап еткен адамдардың үлесі (Орнықты даму мақсаттарының 2030 жылға дейінгі ұлттық индикаторлары тізбесіндегі жаһандық индикатор), пайыз: 2022 жылы – 31,2, 2023 жылы – 29,6, 2024 жылы – 28,3, 2025 жылы – 27, 2026 жылы – 25,3;
Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару тиімділігі индексі (Government Effectiveness), процентиль: 2022 жылы – 62-65, 2023 жылы – 65-68, 2024 жылы – 68-73, 2025 жылы – 74-75, 2026 жылы – 74-75
|
СЖҚІА
ҰЭМ, АҚДМ, ЦДИАӨМ, МҚІА
|
1.1. Құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру
|
1.
|
Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдау
|
Үкімет қаулысы
|
2022 жылғы
IV тоқсан
|
АҚДМ, СЖҚІА, МСМ, ЦДИАӨМ, БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ҚХА (келісім бойынша)
|
2.
|
Адамдарды қосудың және одан шығарудың нақты тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесіне жемқорлардың жария тізілімін енгізу
|
Заң жобасы
|
2023 жылғы
IV тоқсан
|
СЖҚІА
|
3.
|
Құқықтық насихатты азаматтар мен кәсіпкерлерге қолданыстағы құқықтық актілерді түсінікті және қысқа тілде түсіндіре отырып, сондай-ақ белгілі бір өмірлік жағдайлар мен заңды фактілер бойынша цифрлық шешімдерді қолдана отырып, олардың құқықтары туралы нақты хабардар етуді қамтамасыз ету жолымен жетілдіру
|
әдістемелік ұсынымдар
бұйрықтар
|
2022 жылғы
III тоқсан
2023 жылғы
III тоқсан
|
ӘдМ
мүдделі мемлекеттік органдар
|
4.
|
БҰҰ ЕҚБ-ның "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін жаһандық ресурс" бастамасына қосылу мәселесін пысықтау
|
ПӘ-ге ұсыныс
|
2023 жылғы
I тоқсан
|
СЖҚІА, БҒМ
|
5.
|
Білім берудің барлық деңгейлерінде білім беру бағдарламаларына парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тақырыптарын енгізу
|
білім беру бағдарламалары
|
2024 жылғы
IV тоқсан
|
ҒЖБМ, ОАМ, ЖАО
|
6.
|
Барлық ЖОО-ларда:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық/ұлттық стандартты;
2) академиялық адалдық құралдарын енгізу
|
сәйкестік сертификаттары
ректорлардың бұйрықтары
|
2026 жылғы
I тоқсан
|
ҒЖБМ
|
1.2. Мемлекеттік аппараттың парасаттылығын арттыру
|
7.
|
Мемлекеттік қызметшілермен профилактикалық жұмыс, оның ішінде:
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау үшін өлшемшарттарды белгілеу;
2) әдеп жөніндегі уәкілдердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілермен жүйелі профилактикалық жұмысты ұйымдастыруы
|
әдістемелік ұсынымдар
ПӘ-ге ақпарат
|
2022 жылғы
IV тоқсан
2024 жылғы
II тоқсан
|
СЖҚІА, МҚІА, мүдделі мемлекеттік органдар
|
8.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытудың үздіксіздігін, дәйектілігі мен өзектілігін қамтамасыз ете отырып, оны дамыту
|
білім беру бағдарламалары
|
2023 жылғы
IV тоқсан
|
МҚІА, ЖС, БП, ІІМ, Қорғанысмині, МБА, Қаржымині
|
9.
|
Мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда мүдделер қақтығысын анықтауды және реттеуді регламенттеу
|
Заң жобасы
|
2024 жылғы
IV тоқсан
|
СЖҚІА, МҚІА
|
10.
|
Мемлекеттік қызметтің тартымдылығын, оның ішінде:
1) әлеуметтік пакетті кеңейту;
2) мемлекеттік қызметшілердің еңбегін ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау;
3) өзге де ақы төленетін қызметпен айналысу үшін мүмкіндіктерді кеңейту арқылы арттыру жөніндегі мәселені пысықтау
|
ПӘ-ге ұсыныс
|
2023 жылғы
I тоқсан
|
МҚІА, СЖҚІА, ҰЭМ, Қаржымині, БП
|
1.3. Бизнестің парасаттылығына жәрдемдесу
|
11.
|
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру шеңберінде комплаенс-мамандарды даярлау
|
білім беру бағдарламалары
|
2023 жылғы
IV тоқсан
|
ҒЖБМ, СЖҚІА, ЕХӘҚМ
|
12.
|
Квазимемлекеттік және жекеше секторлар субъектілерінің қызметіне ISO 37001 немесе ҚР СТ 3049 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын ерікті түрде енгізу
|
сәйкестік сертификаты
|
2022-2026 жылдар
|
СЖҚІА, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, МБА, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
13.
|
Квазимемлекеттік және жекеше секторлар субъектілерінің қызметкерлерін өтеусіз негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту
|
білім беру бағдарламалары
|
2022-2026 жылдар
|
СЖҚІА, ОМО, ЖАО, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
14.
|
"Бизнес-серіктестердің тізілімі" ақпараттық жүйесінің функционалын, оның ішінде:
1) "салық төлеушінің парасаттылық индексі", "қаржылық орнықтылық индексі" және "төлем тәртібінің индексі" индекстерін әзірлеу;
2) "тиісті сақтық" қағидатын енгізу;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы индикаторлармен толықтыру;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты ерікті негізде енгізген компаниялардың өнімдерін "таза толқын" ("clear wave") белгісімен таңбалау мәселесін пысықтау;
5) бизнестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингін енгізуді пысықтау;
6) тіркеуден кейінгі бірінші жылы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді сүйемелдеу бойынша функционалды енгізу мүмкіндігін қарастыру арқылы жетілдіру
|
пайдалануға беру актісі
|
2023 жылғы
III тоқсан
|
"Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), СЖҚІА, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар
|
15.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізген және қолдайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жеңілдіктер, преференциялар, мемлекеттік сатып алу кезінде шартты жеңілдіктер және басқа да қолдау шараларын енгізу мәселесін пысықтау
|
ПӘ-ге ұсыныс
|
2023 жылғы
I тоқсан
|
СЖҚІА, ҰЭМ, Қаржымині, ИИДМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар
|
2-міндет. Сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін болдырмау
Нысаналы индикаторлар:
мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін қысқарту, ЖІӨ-ге %-бен: 2022 жылы – 14,7, 2023 жылы – 14,5, 2024 жылы – 14,2, 2025 жылы – 14,0, 2026 жылы – 13,9;
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің "Институттар" индикаторы, орын: 2022 жылы – 58, 2023 жылы – 56, 2024 жылы – 53, 2025 жылы – 50, 2026 жылы – 48
|
ҰЭМ, Қаржымині, БҚДА
ҰЭМ, ЖАО
|
2.1. Бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау тәуекелдерін және сатып алуда сыбайлас жемқорлықты азайту
|
16.
|
Құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында жалған актілерге мәжбүрлі түрде қол қою тәуекелін болдырмайтын жобалық қаржыландыруды енгізу мәселесін пысықтау
|
ПӘ-ге ұсыныс
|
2022 жылғы
IV тоқсан
|
Қаржымині, ҰЭМ
|
17.
|
Ұлттық басымдықтарға сәйкес қаржыны мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, оның ішінде:
1) блоктық бюджетті іске асыру шеңберінде "бір қол қою" қағидасын енгізу;
2) көрсеткіштерді есептеудің қолданыстағы әдістемелерін қайта қарау;
3) инвестициялық жобаларды тиісінше мониторингтеу және басқару үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру жөніндегі мәселені пысықтау;
4) сатып алуды өткізуді және бюджет қаражатын алушылар туралы деректерді қоса алғанда, бюджет қаражатын жоспарлау сәтінен бастап игеру сәтіне дейінгі процесті ашық деректердің бірыңғай интернет-порталында жариялау, оның ішінде бюджет қаражатын алушылардың жария тізілімін қалыптастыру;
5) бюджет қаражатын игеру процестерінде "ақшаны бояу" тетігін енгізу
|
Заң жобасы
бұйрықтар
ПӘ-ге ұсыныс
ашық деректердің бірыңғай интернет-порталындағы жария деректер
пайдалануға беру актісі
|
2024 жылғы
IV тоқсан
2023 жылғы
IV тоқсан
2022 жылғы
III тоқсан
2023 жылғы
I тоқсан
2024 жылғы
IV тоқсан
|
ҰЭМ, Қаржымині, СЖРА, ЦДИАӨМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар
СЖРА ҰСБ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар
ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар
Қаржымині, ЦДИАӨМ, АҚДМ, ҰЭМ
Қаржымині, СЖҚІА, ЦДИАӨМ
|
18.
|
Әлеуметтік маңызы бар салаларда жан басына шағып қаржыландыру жүйесінің тиімділігін арттыру ("ақша адамның соңынан ереді")
|
ПӘ-ге ақпарат
|
2023 жылғы
I тоқсан
|
ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар
|
19.
|
Сатып алуда бәсекелестік ортаны күшейту, оған қоса:
1) сатып алынатын тауарларға арналған техникалық ерекшеліктерді стандарттау және біріздендіру үшін тауарлардың бірыңғай каталогын жасау;
2) тауарлар бойынша орташа босату бағасын айқындау;
3) биржалық сауданы кеңейту
|
пайдалануға беру актісі
әдістемелік ұсынымдар
Заң жобасы
|
2024 жылғы
I тоқсан
2022 жылғы
IV тоқсан
2024 жылғы
I тоқсан
|
Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), ұлттық компаниялар
Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
СИМ
|
20.
|
Бір көзден сатып алудың және ерекше тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік тапсырмалар шеңберінде өткізілетін сатып алудың құқықтық негіздерін қысқарту (құқықтық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін сатып алуды қоспағанда)
|
Заң жобасы
|
2025 жылғы
III тоқсан
|
Қаржымині, ӘдМ, ҰЭМ, ҰҚК, Қорғанысмині, ІІМ
|
21.
|
Мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуы үшін бірыңғай талаптарды белгілеу мәселесін пысықтау
|
ПӘ-ге ұсыныс
|
2025 жылғы
І тоқсан
|
Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)
|
22.
|
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін, оның ішінде оңтайландыру, қайталануды болдырмау және тәуелсіздікті қамтамасыз ету жолымен жетілдіру
|
Заң жобасы
|
2026 жылғы І тоқсан
|
ЖАП, Қаржымині
|
2.2. Бюджеттік қолдаудың экономикалық тиімділігін арттыру
|
23.
|
Экономиканың барлық салаларында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау (субсидиялау, кепілдік беру, гранттар беру) шараларының тиімділігін кешенді талдау және тиісті нормативтік құқықтық актілерді тексеру негізінде осы шаралардың экономикалық тиімділігін арттыру
|
Заң жобасы
|
2024 жылғы
ІІ тоқсан
|
ҰЭМ, СЖРА, БҚДА, СЖҚІА, ЦДИАӨМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), мемлекеттік қолдау шараларын ұсынатын мүдделі мемлекеттік органдар
|
2.3. Мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін азайту
|
24.
|
Бәсекесі жеткіліксіз салаларды қоспағанда, мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесі бар ұйымдарға мемлекеттік қолдаудың барлық шараларына шектеулер енгізу жөніндегі мәселені пысықтау
|
ПӘ-ге ұсыныс
|
2022 жылғы
ІІ тоқсан
|
ҰЭМ, Қаржымині, БҚДА, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар
|
25.
|
Монополиясыздандыру және қолайлы бәсекелес орта құру арқылы мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту (ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты саланы қоспағанда)
|
Заң жобасы
|
2024 жылғы
ІІІ тоқсан
|
БҚДА, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
2.4. Сапалы цифрландыру сыбайлас жемқорлықты төмендету факторы ретінде
|
26.
|
Мемлекеттік басқаруды "цифрлық қайта жүктеу":
1) бизнес-процестерді талдау және оңтайландыру;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің проактивті форматын дамыту;
3) мемлекеттік қызметтер көрсетудің баламалы нысандарын қысқарту;
4) мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік емес платформалар арқылы көрсетудің электрондық форматын кеңейту
|
ПӘ-ге ақпарат,
бұйрықтар
|
2025 жылғы
IV тоқсан
|
ЦДИАӨМ, МҚІА, мүдделі мемлекеттік органдар
|
27.
|
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын цифрлық трансформация талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптау
|
Заң жобасы
|
2022 жылғы
IV тоқсан
|
ЦДИАӨМ
|
28.
|
Деректердің бірыңғай ауқымына негізделген цифрлық үкіметтің жаңа архитектурасын құру
|
пайдалануға беру актісі
|
2025 жылғы
IV тоқсан
|
ЦДИАӨМ
|
29.
|
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою
|
бұйрықтар
|
2022-2026 жылдар
|
ЦДИАӨМ, СЖҚІА
|
30.
|
Қолма-қол ақшасыз төлемдердің инфрақұрылымын кеңейту
|
ПӘ-ге ақпарат
|
2024 жылғы
I тоқсан
|
ҰБ, СИМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар
|
31.
|
ТМККК/МӘМС шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын, оның ішінде:
1) медициналық көрсетілетін қызметтерді алу кезінде, әсіресе амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде алушыны QR-кодтау арқылы сәйкестендіру;
2) денсаулық сақтау субъектілерінен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды мемлекеттік сатып алу веб-порталына ауыстыру арқылы қамтамасыз ете отырып, оларды цифрландыруды дамыту
|
ПӘ-ге ақпарат
|
2025 жылғы
III тоқсан
|
ДСМ, мүдделі мемлекеттік органдар
|
2.5. Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын анықтау және жою құралдарын жетілдіру
|
32.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі зерттеу орталығын құруды пысықтау
|
ПӘ-ге ұсыныс
|
2023 жылғы
I тоқсан
|
СЖҚІА
|
33.
|
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы, оның ішінде:
1) нормативтік құқықтық актілердің үлгілік және ұқсас жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай сараптаманы;
2) жасанды интеллект элементтерін енгізу арқылы дамыту
|
Үкімет қаулысы
|
2023 жылғы
ІІ тоқсан
|
СЖҚІА
|
34.
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдауды, оның ішінде:
1) жобалық тәсілді енгізу;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу қағидаларын жетілдіру;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау жасау, ұсынымдарды талқылау және олардың іске асырылу мониторингі процесіне қоғамдық кеңестерді міндетті түрде тарту;
4) құқықтық мониторинг жүргізу көздерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалған сыртқы және ішкі талдаудың ұсынымдарымен толықтыру;
5) құқықтық мониторинг нәтижелерін қоғамдық кеңестің отырыстарында қарау арқылы дамыту
|
бұйрық
|
2023 жылғы
III тоқсан
|
СЖҚІА, ӘдМ, ОМО, ЖАО
|
35.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт институтын дамыту, оның ішінде:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемені бекіту бойынша құзырет беру
2) әдістемені бекіту;
3) экономика және мемлекеттік басқару салаларына қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бейіндері бар сыбайлас жемқорлық картограммаларын жасау арқылы дамыту
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
бұйрық
картограммалар
|
2023 жылғы
IV тоқсан
2024 жылғы
IV тоқсан
2025 жылғы
IV тоқсан
|
СЖҚІА, мүдделі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері
|
3-міндет. Жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру
Нысаналы индикатор:
Дүниежүзілік сот төрелігі жобасының Заң үстемдігі индексі (World Justice Project, Rule of Law Index), балл: 2022 жылы – 0,53, 2023 жылы – 0,54, 2024 жылы – 0,55, 2025 жылы – 0,56, 2026 жылы – 0,57
|
ӘдМ, АҚДМ, ЦДИАӨМ, ІІМ, ЕХӘҚМ, ҰЭМ, СИМ, Қаржымині, ЖС, БП, ҰҚК, ЕК, СЖҚІА, МҚІА, ДСМ
|
36.
|
"Smart-сот" жобасын:
1) "виртуалды сотта" қаралған істердің үлесін одан әрі ұлғайту;
2) сот ісін жүргізуде жасанды интеллектті енгізу (цифрлық талдама) бөлігінде дамыту
|
пайдалануға беру актісі
|
2023 жылғы
ІІІ тоқсан
|
ЖС, ЦДИАӨМ
|
37.
|
Парасаттылыққа тексеруді (integrity check) енгізу тетігін пысықтау
|
ПӘ-ге ұсыныс
|
2023 жылғы
I тоқсан
|
СЖҚІА, ЖС, БП, ІІМ, ҰҚК, ҚМА; мүдделі мемлекеттік органдар
|
38.
|
Негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізу
|
Заң жобасы
|
2023 жылғы
IV тоқсан
|
СЖҚІА, БП, ҚМА, ҰҚК, Қаржымині, ӘдМ
|
39.
|
Шығыстардың алынатын кірістерге сәйкестігі үшін декларацияларды тәуекелге бағдарланған бақылау жүйесін іске асыру
|
ПӘ-ге ақпарат
|
2026 жылғы
III тоқсан
|
Қаржымині, СЖҚІА, ҚМА
|
40.
|
Қаржылық тергеп-тексеру институтын "ақшаны қадағалау" ("follow the money") қағидаты бойынша енгізу
|
Заң жобасы
|
2023 жылғы
IV тоқсан
|
СЖҚІА, ҚМА, БП, ҰҚК, ІІМ, Қорғанысмині
|
41.
|
Параны уәде ету/ұсыну үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу
|
Заң жобасы
|
2023 жылғы
IV тоқсан
|
СЖҚІА, БП, ЖС, ҰҚК, ІІМ
|
42.
|
Мемлекеттік орган, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым қызметкерінің заңсыз сыйақыны бопсалауына байланысты қылмыстарды анықтау жөніндегі жұмысты жетілдіру
|
Заң жобасы
|
2023 жылғы
IV тоқсан
|
СЖҚІА, БП, ІІМ, ЖС
|
43.
|
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту
|
Заң жобасы
|
2023 жылғы
IV тоқсан
|
СЖҚІА, БП, ЖС, ҰҚК, ӘдМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
44.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершіліктің құқықтық тетіктерін жетілдіру
|
Заң жобасы
|
2023 жылғы
IV тоқсан
|
СЖҚІА
|
45.
|
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауаптылық туралы конвенциясына қосылу мәселесі бойынша заң жобасын енгiзу
|
Заң жобасы
|
2026 жылғы
IV тоқсан
|
СЖҚІА, БП, ҰҚК, ҚМА, ІІМ, СІМ
|
46.
|
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне ЭЫДҰ-ның Халықаралық коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды адамдарды параға сатып алуға қарсы күрес жөніндегі конвенциясына қосылу мәселесі бойынша заң жобасын енгiзу
|
Заң жобасы
|
2026 жылғы
IV тоқсан
|
СЖҚІА, БП, ҰҚК, ҚМА, ІІМ, СІМ
|
4-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту
Нысаналы индикатор:
Дүниежүзілік банктің халықтың пікірін есепке алу және мемлекеттік органдардың есептілігі индексі (Voice and Accountability), процентиль: 2022 жылы – 27,5, 2023 жылы – 35, 2024 жылы – 42,5, 2025 жылы – 50, 2026 жылы – 57,5
|
АҚДМ, МҚІА
|
4.1. Қоғамдық бақылау институтын дамыту
|
47.
|
"Қоғамдық бақылаушы" жобалық рөлін ұсына отырып, ұлттық жобаларды, өңірлерді дамыту жоспарларын және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын іске асырудың қоғамдық мониторингі
|
жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді ұсыну
|
2022-2026 жылдар
|
ЦДИАӨМ, СЖРА, АҚДМ, Ұлттық жобалық кеңсе, мүдделі мемлекеттік органдар
|
48.
|
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту
|
Қазақстан Республикасын-дағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндамадағы ұсынымдар
|
2022-2026 жылдар
|
АҚДМ
|
49.
|
Жария ақпаратты оңайлату:
1) азаматтардың түсінуінің ыңғайлы және қарапайым болуын қамтамасыз ету үшін "Ашық деректер" және "Ашық бюджеттер" интернет-порталдарында орналастырылатын ақпараттың форматтары мен сипаттамаларын жетілдіру;
2) "Ашық үкімет" интернет-порталдарының интерфейсін жетілдіру және оларды автоматтандырылған толықтыру
|
бұйрықтар
пайдалануға беру актілері
|
2023 жылғы
ІІІ тоқсан
2022-2026 жылдар
|
АҚДМ, ЦДИАӨМ, Қаржымині, ҰЭМ, ҰБ
ЦДИАӨМ, ОМО, ЖАО
|
50.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде журналистердің әлеуетін кеңейту мәселесін пысықтау
|
ПӘ-ге ұсыныс
|
2023 жылғы
ІІ тоқсан
|
АҚДМ, СЖҚІА
|
4.2. Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау тетіктерін жақсарту
|
51.
|
Хабарлау арналарын дамыту:
1) "1424" сall-орталығының қызметін жетілдіру;
2) сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабар берудің заманауи цифрлық арналарын енгізу
|
пайдалануға беру актісі
|
2024 жылғы
ІІІ тоқсан
|
СЖҚІА, ЦДИАӨМ
|
52.
|
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсеткен адамдарды көтермелеу қағидаларын жетілдіру
|
бұйрық
|
2023 жылғы
IV тоқсан
|
СЖҚІА, Қаржымині
|
53.
|
Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлайтын адамдарды мемлекеттік қорғауды, оның ішінде олардың еңбек ету құқықтарын қорғау, өтініш беруші туралы және ол көрсеткен жәрдем туралы ақпараттың құпиялылығына кепілдік беру арқылы күшейту
|
Заң жобасы
|
2022 жылғы
IV тоқсан
|
СЖҚІА, БП, МҚІА, ЕХӘҚМ
|
5-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету
Нысаналы индикатор:
Дүниежүзілік банктің сыбайлас жемқорлықты бақылау индексі (Control of Corruption), процентиль: 2022 жылы – 39-41, 2023 жылы – 41-43, 2024 жылы – 43-46, 2025 жылы – 46-48, 2026 жылы – 48-50
|
СЖҚІА, ОМО, ЖАО
|
54.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін мониторингтеу және бағалау жүйесін енгізу және оның ішінде:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау әдістемесін бекіту бойынша құзырет беру;
2) әдістемені бекіту арқылы дамыту
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
бұйрық
|
2023 жылғы
III тоқсан
2023 жылғы
IV тоқсан
|
СЖҚІА, БП
|
55.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария портал құру
|
пайдалануға беру актісі
|
2024 жылғы
ІІІ тоқсан
|
СЖҚІА, ЦДИАӨМ
|
56.
|
Сыбайлас жемқорлықты түйсінудің ұлттық индексін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу
|
ПӘ-ге ұсыныс
|
2022 жылғы
ІІІ тоқсан
|
СЖҚІА, СЖРА
|
6-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру
Нысаналы индикатор:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке халықтың сенім деңгейі, % (Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі өткізетін нәтижелілікті бағалау шеңберінде): 2022 жылы – 64%, 2023 жылы – 64,5%, 2024 жылы – 65%, 2025 жылы – 65,5%, 2026 жылы – 66%
|
СЖҚІА
|
57.
|
Интеграцияланған талдаманы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына және ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік беру мәселесін, қол жеткізудің нақты негіздерін, алынған деректерді теріс пайдалану мен жария ету және оларды қызметтен тыс мақсаттарда пайдалану мүмкіндіктерін болдырмайтын бақылау тетіктерін белгілей отырып, пысықтау арқылы дамыту
|
ПӘ-ге ақпарат
|
2022 жылғы
IV тоқсан
|
СЖҚІА, ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар
|
58.
|
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін үйлестіруді күшейту:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіруші рөлін күшейту;
2) әдеп жөніндегі уәкілдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өзара іс-қимылын регламенттеу
|
Заң жобасы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы,
СЖҚІА мен МҚІА бірлескен бұйрығы
|
2022 жылғы
IV тоқсан
2023 жылғы
IV тоқсан
|
СЖҚІА, МҚІА
|
59.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың үздіксіз процесін енгізу
|
біліктілікті арттыру бағдарламалары
|
2022-2026 жылдар
|
СЖҚІА, БП, МҚІА
|
60.
|
Цифрлық қаржы активтерін, криптобиржаларды және басқа да цифрлық платформаларды пайдалана отырып жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл
|
әдістемелік ұсынымдар
|
2025 жылғы
IV тоқсан
|
СЖҚІА, БП, ҚМА, ҰБ
|
61.
|
Халықаралық ұйымдардың (ГРЕКО, ЭЫДҰ және басқалар) ұсынымдары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу
|
ұсынымдары бекіту
|
2022-2026 жылдар
|
СЖҚІА, мүдделі мемлекеттік органдар
|
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ
|
-
|
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
|
|
"Атамекен" ҰКП
|
-
|
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
|
|
ӘдМ
|
-
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
|
|
"Бәйтерек ҰБХ" АҚ
|
-
|
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы
|
|
БҒМ
|
-
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
|
|
БҚДА
|
-
|
Қазақстан Республикасының Басекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
|
|
БП
|
-
|
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
|
|
ГРЕКО
|
-
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы
|
|
ДСМ
|
-
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
|
|
ЖАП
|
-
|
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы
|
|
ЕХӘҚМ
|
-
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
|
|
ЖАО
|
-
|
жергілікті атқарушы органдар
|
|
ЖС
|
-
|
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
|
|
ИИДМ
|
-
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
|
|
Қаржымині
|
-
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
|
|
ҚМА
|
-
|
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
|
|
Қорғанысмині
|
-
|
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
|
|
ҚР СТ
|
-
|
Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты
|
|
ҚХА
|
-
|
Қазақстан халқы Ассамблеясы
|
|
МӘМС
|
-
|
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
|
|
МБА
|
-
|
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
|
|
МҚІА
|
-
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
|
|
МСМ
|
-
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
|
|
ОМО
|
-
|
орталық мемлекеттік органдар
|
|
ПӘ
|
-
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
|
|
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ
|
-
|
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы
|
|
СЖҚІА
|
-
|
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
|
|
СЖРА
|
-
|
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
|
|
СЖРА ҰСБ
|
-
|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
|
|
СИМ
|
-
|
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
|
|
СІМ
|
-
|
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
|
|
ТМККК
|
-
|
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
|
|
ҰБ
|
-
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
|
|
ҰҚК
|
-
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
|
|
ҰЭМ
|
-
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
|
|
ЦДИАӨМ
|
-
|
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
ІІМ
|
-
|
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
|
|
ЭЫДҰ
|
-
|
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
|
|
ISO
|
-
|
International Organization for Standardization
|
|
ҒЖБМ
|
-
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
|
|
ОАМ
|
-
|
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
|
|
|
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 802 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 154 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері ақпаратты уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуіріне дейін ұсынады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Ұлттық баяндаманы:
1) уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Президентіне есепті жылдан кейінгі жылдың 30 маусымынан кешіктірмей ұсынады.".
2. Күші жойылды – ҚР Президентінің 30.07.2024 № 611 Жарлығымен.
3. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында:
"1-бөлім. Кіріспе" деген бөлімде:
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Құжатта белгіленген нысаналы даму параметрлері мемлекеттік басқару реформасының кейінгі қадамдарын іске асыруға негіз болуға тиіс. Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасының ережелері құқықтық саясат, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамаларымен тығыз байланысты.";
"5-бөлім. Адамдарға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру" деген бөлімде:
"9-міндет. Мемлекеттің сервистік моделін құру үшін сот жүйесі мен әкімшілендіруді, сондай-ақ құқық қорғау жүйесін трансформациялау" деген міндетте:
"3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат" деген тармақта:
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды дамыту тетіктері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы шеңберінде көзделген.";
"6-бөлім. Тұжырымдаманы іске асыру" деген бөлімде:
"6.1. Іске асыру стратегиясы, басымдықтары мен мерзімдері" деген кіші бөлімде:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Тұжырымдаманың ережелері тиісті, оның ішінде мемлекеттік басқару мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын жетілдіруді көздейтін іс-қимыл жоспарын іске асыру, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасын, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын, басқа да стратегиялық құжаттарды іске асыру арқылы іске асырылатын болады.";
"6.2. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер" деген кіші бөлімде:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Дүниежүзілік Банктің Мемлекеттік басқару тиімділігінің индексі бойынша – 80 процентильден төмен емес;".
|
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 802 Жарлығына
ҚОСЫМША
|
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ
1. "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы.
2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы № 723 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 341 Жарлығы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК