30.03.2026
2026 жылғы 30 сәуірде Ақмола облысы Атбасар ауданы білім бөлімінің «Сергеевка ауылының негізгі мектебі» КММ-де 8 «А» сыныбында «Кітап – рухани қазына» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты — оқушылардың адам бойындағы рухани байлық туралы түсінігін тереңдету, кітаптың тұлға қалыптастырудағы маңызын ұғындыру.
Сынып сағаты барысында келесі міндеттер қойылды:
рухани тұрғыдан үнемі жетілуге ұмтылысын қалыптастыру;
оқушылардың ішкі дүниесін байыту.
Оқушылар іс-шараға белсенді қатысып, кітаптың адам өміріндегі рөлі туралы өз ойларымен бөлісті, сүйікті шығармаларын атап, кітаптың білім мен даналықтың, рухани дамудың маңызды көзі екеніне қорытынды жасады.
Сынып жетекшісі: Рахимова Гүлзира Омарқызы