12.01.2026
12.01.26 ж. 7 "Ә" сыныбында "Сыбайлас-жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, адалдыққа, әділдікке, заңды құрметтеуге тәрбиелеу және жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстаным қалыптастыру.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың түрлері, оның қоғамға тигізетін зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, бейнеролик көрсетілді, сұрақ-жауап арқылы тақырып бекітілді. Сонымен қатар, адал еңбек пен заңға бағынудың маңыздылығы айтылды.
Сынып сағаты өз мақсатына жетіп, оқушылар тақырып бойынша белсенділік танытты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастары қалыптасты.