13.11.2024
"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сергеевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 12 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі - Рахимова Гульзира Омаровна 5"А" сыныбында "Тұмар (Томирис) туралы аңыз" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында түрлі әдіс- тәсілдер, көрнекіліктер қолданылды. Сабақтың басында психологиялық ахуал орнатқаннан кейін оқушыларды "Жебе" арқылы топқа бөлді. Сабақтың жаңа сөздерімен таныстырғанда лексика- грамматикалық жұмыс сөздердің мағынасын ашып, түсіндірілді.
Мәтінмен топтық жұмыс барысында оқушылардан сұрақ- жауап алу үшін, "Тарсия" әдісі арқылы пазл жинау ұсынылды.
"Сәйкестендіру", Т - кестесі әдістер басқа тапсырмаларда қолданылды. Сабақ соң
ында "Мұғалім поштасы" әдісі арқылы оқушылардан хат арқылы рефлексия алынды.